image

Қызметтер

Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз

image

ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы)

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы) қоршаған орта мен халықтың денсаулығына белгіленетін шаруашылық және өзге де қызметтің барлық ықтимал әсер ету түрлерінің сипаты мен қауіп деңгейін, осы әсердің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарын бағалауын айқындау, сондай-ақ осы қызметтің әсерін алдын-алу немесе жеңілдету мақсатында өткізіледі.

Әсерді бағалау (ҚОӘБ жобасы) кез-келген жобаны әзірлеу кезінде міндетті құқықтық үдерісі болып табылады.

ҚОӘБ жоба алдыңдағы мен жобалық құжаттаманың міндетті және ажырағысыз бөлігі болып табылады.

ҚОӘБ сатылары:

1-саты. Қоршаған орта жай-күйіне шолу (аумақ таңдау), яғни қоршаған ортаның шаруашылық қызметі барысында қозғай алатын бастапқы сипаттамалар мен компоненттер параметрлерін айқындау.

2-саты. Инвестицияларды негіздеуге қолдайтын алдын-ала ҚОӘБ (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелері);

3-саты. Жобаны іске асырудың немесе одан әрі шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асырудың мүмкін тиімділіктеріне толық және кешенді талдау мақсатында орындалатын әсер бағасы;

4-саты. Қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді алдын-алу жөнінде техникалық шешімдерді қамтитын, жұмыс жобасының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі;

5-саты. Қоршаған ортаға арналған объектінің қауіпсіздігін растау мен табиғат қорғау іс-шараларын түзету үшін шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру басталу жылынан кейін жасалатын жобадан кейінгі талдау.

ҚОӘБ әзірлеу кезінде қоршаған ортаның компоненттеріне жоспарланатын объектінің әсерін бағалау бойынша экологиялық зерттеулер кешені өткізіледі, атап айтқанда:

  • атмосфералық ауаның мүмкін ластануын бағалау;
  • жер үсті және жер асты суларға белгіленетін қызметтің әсерін бағалау;
  • топырақты және өсімдік жамылғылара мүмкін болатын әсерді бағалау;
  • физикалық әсер беру факторларын бағалау;
  • жер қойнауына әсерін бағалау;
  • жағымсыз салдарды азайтуға болыса алатын табиғат қорғайтын іс-шараларды әзірлеу.

Жұмыс Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚОӘБ және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі нұсқауларға сәйкес орындалады.

ҚОӘБ процедурасын жоспарланатын шаруашылық қызметтің тапсырыс берушісі (инициатор) қамтамасыз етеді.

Жобаны әзірлеу мерзімі барлық қажетті деректердің болуы кезінде 20-30 күнтізбелік күн.

Қызмет құны 120 000 теңгеден бастап.

 

Өтініш