image

Қызметтер

Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз

image

Қоршаған ортаға эмиссиясына рұқсат алу

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 69-76 баптарына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар жылжымалы шығу көздерінен ластаушы заттардың шығарындыларынан басқа, қоршаған ортаға эмиссия жүргізуге рұқсат алу міндетті.

Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат:
      1) табиғат пайдаланушы және ол жүргiзiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәлiметтердi;


      2) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн;


      3) табиғат пайдалану шарттарын, оның iшiнде олардың барлық көздерi бойынша эмиссиялардың нормативтерiн;


      4) рұқсаттың қолданылуы кезеңiне арналған қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi іс-шаралар бағдарламасын;

5) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын қамтитын, белгіленген үлгідегі құжаттар жиынтығы болып табылады.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкiлерiнiң нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн табиғат пайдаланушыларға рұқсат берiлетiн oбъектiлер I, II, III және IV болып төрт санатқа бөлiнедi.

I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады.


      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады. 


      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады. 


      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады.

I және II санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1)рұқсат алуға өтiнiмдi;


      2) қоршаған ортаға әсер ету бағасы бойынша бөлімі бар белгіленетін қызмет жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;


      3) қолданылатын технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасын;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы бар, қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтері немесе қоршаған орта сапасының көзделіп отырған көрсеткіштері негізінде белгіленген тәртіпте есептлген эмиссиялар нормативтері жобасын;

5) қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын;

     6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарлама жобасын;

7) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шарттың куәландырылған нотариаттық көшірмесін қамтиды.


     III санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:
      1) рұқсат алуға өтінімді;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы бар, қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтері немесе қоршаған орта сапасының көзделіп отырған көрсеткіштері негізінде белгіленген тәртіпте есептлген эмиссиялар нормативтері жобасын;

3) қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын;

     4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарлама жобасын;

5) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шарттың куәландырылған нотариаттық көшірмесін қамтиды.

IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1) Қолданылатын техникалық шешімдері, кәріздері, желдеткіш, қалдықтарды шығару, көлік құралдарын пайдалану туралы ақпаратты қамтитын хабардар ету декларациясын қамтиды.

Рұқсат беретін орган тіркеген сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде, ұсынылған материалдардың толықтығына және ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкестігін қарастырады. Осы мерзім ішінде ұсынылған тапсырыс бойынша қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

Аталған мерзім өткен соң тапсырыс қарастыруға алынады не болмаса ұсынылған материалдардың жетіспеушілігі себебінен және (немесе) оның ҚР Экологиялық кодексіне талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбайды.

Тапсырысты қабылдамау кезінде табиғат пайдаланушыға қабылдамау себебін дәлелденген негіздеумен рұқсат бермеу жолданады.



Қабылданған тапсырыстар рұқсат берген органмен тапсырыстың тіркелу күнінен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде қарастырылады. Қарастыру қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.



Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгергенге дейiнгі, бiрақ:

     1) I санаттағы объектіге табиғат пайдаланушылар үшін үш жылдан.

     2) II, III және IV санаттарындағы объектілерге табиғат пайдаланушылар үшін бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Қызмет құны 80 000 теңгеден бастап.

Өтініш