image

Қызметтер

Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз

image

Парниктік газдарын және озонды бұзатын заттарды түгендеу

Біздің уақытта адамзат жиі-жиі табиғи сүргіндермен қақтығысады – және соның ішінде Жердегі климаттың өзгерісі. Парниктік газдарын (ПГ) шығарындыларына байланысты адамның өмірі климатқа әсер ету проблемасы айтарлықтай кең түрде талқылануда.

Қазақстанда МГЭИК категорияларына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының негізгі көздері:

 энергетика;

—        өнеркәсіп процесстері;

—        еріткіштер мен басқа өнімдерді қолдану;

—        ауыл шаруашылық;

—        жер пайдалану, жер пайдаланудағы өзгерістер мен орман шаруашылығы (ЖПӨОШ);

—        қалдықтар болып табылады.

Қазақстан Республикасы міндеттерінің бірі, I-қосымшаға қосылған БҰҰ КӨНК Жақтары ретінде, парник газдарын ұлттық тастандылары туралы есебі мен Ұлттық хабарламаны ұсыну болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің «Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы» 2007 ж. 13 желтоқсандағы № 348-п бұйрығына сәйкес заңды тұлғалар:

 - жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу жүргізеді және оны есептілік жылдан кейінгі жылғы отызыншы наурыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

- парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады. Паспорт озонды бұзатын заттарды таза күйінде және құрамында олар бар өнімді тұтынудың жыл сайынғы айналымына жасалады;

- ОҚБЗ тұтынуға жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша, табиғатты пайдаланушылар озон қабатын бұзаттын заттарды тұтынуға түгендеу паспортын толтырады.

Парниктік газдар шығарындылары жылына жиырма мың тонна көміртегі қос тотықтың баламалығын арттыратын экономиканың мұнай-газ, энергетика, тау-металлургия, химиялық салаларында, ауыл шаруашылығында және көлікте қызметін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылармен парниктік газдардың шығарындыларына квоталарды алусыз қызметті жүргізуге тыйым салынады.

ПГ және ОҚБЗ түгендеуін орындау үшін қажетті ақпарат

1.Автокөлік. арнайы техника тізімдері, жылына түрлерібойынша ЖЖМ тұтынуды көрсетумен: бензин, дизель отыны, майлар, нигрол, тосол мен т.с.с.;

  1. Маркасы мен шығарылу жылы көрсетумен тоңазытқыштар, ауабаптағыштар, өрт сөндірушілер тізбесі;
  2. Өткен жылғы ПГ мен ОҚБЗ түгендеулері.

ПГ мен ОҚБЗ түгендеу нәтижелері

Көміртегі қос тотықтарының жиынтық шығарындылары жылына көміртегі қостотығы 20 000 тоннадан аспайтын кәсіпорындар үшін келесі құжаттар әзірленеді:

  • «Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп»;
  • «Қондырғы паспорты»

Көміртегі қос тотықтарының жиынтық шығарындылары жылына көміртегі қостотығы 20 000 тоннадан асатын кәсіпорындар үшін келесі құжаттар әзірленеді:

  • «Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп»;
  • «Қондырғы паспорты»
  • «Парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту бағдарламасы»;
  • «Парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары»

 

Өтініш