image

Қызметтер

Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз

image

Шекті рауалы төгінділер жобасы

Іс-жүзінде кез-келген кәсіпорын ірі су пайдаланушы болып табылады, ал оның қызметі барысында ағынды сулар пайда болады. Осыған байланысты шекті рауалы төгінділерді әзірлеу мен сақтау өте маңызды.

 Шекті рауалы төгінде (ШРТ) – бұл, су сапасының нормативтерін сақталуын қамтамасыз ететін, уақыт бірлігінде белгілі пунктте судағы ластайтын зат құрамын шығаруға барынша көп рұқсат етуді сипаттайтын көрсеткіш.

Төгіндінің шығу көздері бар ұйымдардың алдында тұратын міндетті жалпыланған түрде келесі түрмен қалыптастыруға болады:

нормативтік көрсеткіштерден төмен су сапасының нашарлануын тоқтату немесе болған бұзушылықтар кезінде оларды тереңдетпеу.

Осыған байланысты ШРТ жобасы қызмет барысында ағынды және қайтарымды сулар пайда болатын кәсіпорындар мен басқа да шаруашылық объектілер үшін міндетті құрылу қажет.

ШРТ жобасы бойынша жұмыс тәртібі

ШРТ жобасын сауатты әзірлеу келесі кезеңдерден тұрады.

  • Аталған кәсіпорнында орналасқан барлық төгінді көздерін, барлық тазарту құрылыстары мен нөсерлік кәріздерді түгендеу.
  • Ағынды сулары шығарудың барлық мүмкін болатын тәсілдерін айқындау.
  • Су қоаймаларына арналған санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу.
  • Осы мәліметтердің негізінде шекті рауалы төгінділердің нормативтер жобасы әзірленеді.

Ол:

  • кәсіпорын туралы ақпарат: қоршаған ортаға әсер көрсететін қызмет саласы;
  • су қоймаларындағы зиянды заттардың ШРТ мен нақты төгінділер есебі;
  • шекті рауалы төгінділердің нормативтік көрсеткіштерін қамтамасыз етуден тұрады.
  1. Су қорғау іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  1. Жұмыс барысында ағынды суларға талдау жасалу қажет. ШРТ нормативтерін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен судағы химиялық заттардың болуын және ластану дәрежесін анықтау қажет.
  1. Одан кейін экологиялық бақылау жоспар-графигін құру керек. Жоба тиісінше тәсілмен рәсімделгеннен кейін, шекті рауалы төгінділердің нормативтері мемлекеттік инстанцияларда келісуге дайын.

 Кәріздеу жүйесінде ШРТ жобасы кәріз желілер мен тазарту құрылыстарының кәсіпорын-меншігімен келісіледі, (сондай-ақ қажеттілігі бойынша басқа да ұйымдармен).

 Ластаушы заттардың шекті рауалы төгінділері (ШРТ) бекітілген жобасы ағынды сулар мен ластаушы заттарды абонент-ұйым мен Суарнасы кәсіпорны арасында қабылдауға шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

 ШРТ жобасының қолдану мерзімі кәріздік желілері мен тазарту құрылыстарының меншік кәсіпорнымен анықталады.

 Қызмет құны – 300000 теңгеден бастап.

Өтініш