image

Қызметтер

Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз

image

ШРШ (Шекті рауалы шығарынды жобасы)

Шекті рауалы шығарындылар жобасы (ШРШ) атмосфералық ауаға зиян әсерт етуін шектеу мақсатында әзірленетін ғылыми-техникалық құжат болып табылады. ШРШ жобасы қоршаған ортаның сапа нормативтерін сақтау мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің 25, 27 және 28-баптары талаптарының негізінде I-IV санаттардағы қолданыстағы объектілер үшін әзірленеді.

Шекті рауалы шығарындылар нормативтері парниктік газдар шығарындыларымен және ластаушы заттардың төгінділірінен, өндіріс қалдықтарын орналастыру мен тұтынудан басқа, қоршаған ортаның сапа нормативтеріне жетуін қамтамасыз ету үшін жағдайда эмиссиялардың әрбір стационарлық шығу көзі мен кәсіпорынға арналған есептеулердің негізінде белгіленетін эмиссиялар өлшемдері болып табылады.

Шекті рауалы шығарындылар мен ластаушы заттардың төгінділер нормативтері, өндіру мен тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативері шығарындылардың стационарлық және жылжымалы шығу көздері, тенологиялық процесстер мен жабдықтар үшін нормативтердің есептік мағыналарын, эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерін қамтитын жобалардың құрамында қоршаған ортаға эмиссияларына рұқсат беру кезінде қолданады.

Белгіленген шекті рауалы шығарындылар мен ластаушы заттардың төгінділердің, өндіру мен тұтыну қалдықтарын нормативті орналастырудың қолдану мерзімі жобаларда қамтылған нормативтерге берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының қолдану мерзімімен анықталады.

Шекті рауалы шығарындылар нормативтері жобасын әзірлеу атмосфералық ауаға зиян (ластаушы) заттардың, зиянды физикалық әсерлердің және олардың шығу көздерінің шығарындыларын түгендеу әдістемесіне сәйкес әзірленетін атмосфераға шығарындылар шығу мен мен ластаушы заттарды бөлетін көздерді түгендеу мәліметтерінің негізінде жасалады.

Шекті рауалы шығарындылар (ШРШ) нормативтері жобасының мерзімі объектінің күрделілігі, түрі және орналасуына қарай 30 -90 күнтізбелік күн құрауы мүмкін.

Шекті рауалы шығарындылар нормативтері жобасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық органдарында келісу кезеңін өтеді, одан кейін жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға (МЭС) жолданады. Ластаушы заттардың белгіленген шекті рауалы шығарындылары қолдану мерзімі жобаның қамтылған нормативтеріне берілген (беру сәтінен бастап 5 жылға дейін) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының қолдану мерзімімен анықталады.

Қызмет құны 250 000 теңгеден бастап.

Өтініш